Қауіпсіз интернет:
Өзіңді онлайн ортада қорғауды үйрен
Біздің арнайы курстарымыз бен ресурстарымыздың көмегімен киберқауіптерді алдын алып, оларға қарсы тұруды үйреніңіз. Мақсатымыз – әр адамның интернет мүмкіндіктерін қауіпсіз және тиімді пайдалана отырып, жеке мәліметтерін қорғауды үйрету.
Қауіпсіз интернет кеңістігін құру
Интернет-тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша жоба жастарды желіде өзін дұрыс ұстауды үйретіп, кибер волонтерлікке шақыру арқылы дамып келе жатқан киберқауіптермен күресуге ықпал етеді.
Жобаның мақсаты
Жастардың интернетті қауіпсіз пайдалану және тәуелділіктің алдын алу саласындағы хабардарлығы мен құзыреттілігін арттыру.
Негізгі міндеттер
Интернет-тәуелділікпен күресу үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастыру, сарапшылармен жұмыс жасау және киберволонтерлер қауымдастығын дамыту.
Жүзеге асыру әдістері
Жоба барысында біз білім берудің заманауи әдістері мен ақпараттық науқандарды қолдана отырып, оларды БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы барынша тарататын боламыз.
Интернет сауатын ашу курстары
Инновациялық онлайн платформалар мен Telegram боттар арқылы қол жетімді болатын киберқауіпсіздік, құмар ойындар мен кибербуллингтің алдын алу бойынша курстарды ұсыну.
Орта және волонтерлік
Өз құрдастарына киберқауіптердің алдын алуға және интернетте оларды қорғауға дайын кибер волонтерлердің белсенді ортасын қалыптастыру.
Қолдау және зиянды алдын алу
Кибербуллинг пен интернетке тәуелділік жағдайларына әрекет ету тетіктерін әзірлеп, зардап шеккендерге жылдам және тиімді қолдау көрсету.
Интернет-тәуелділіктің алдын алу және құмар ойындардан қорғану бойынша онлайн-курс
Бұл курста не үйренесіз:

  • Лудоманияны анықтау: Ойын тәуелділігінің негізгі сипаттамалары мен түрлерін түсіну.
  • Лудоманиямен күресудің әлемдік және ұлттық стратегиялары: Әр түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда қолданылатын тиімді әдістер мен тәсілдерге шолу.
  • Лудоманның портреті: Тәуелділіктің мінез-құлық және психологиялық белгілерін талдау.
  • Лудоманияның өмір сүру сапасына әсері: Ойын тәуелділігінің әлеуметтік, қаржылық және жеке салдарларын қарастыру.
  • Тәжірибелік көмек: Тәуелділерге көмектесу әдістері мен реабилитацияға кірісу жолдары.
  • Тәуелділіктің алдын алу: Құмар ойындар жарнамасынан қорғану және тәуелділіктің дамуын болдырмау жолдары.

Курс форматы: Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта телеграм-бот арқылы курсты өте аласыз, ол кез-келген құрылғыда қол жетімді. Курс аяқталғаннан кейін сіз өз біліміңіз бен дағдыларыңызды растайтын сертификат аласыз.
Курсты қарау
Жастар арасында интернет-тәуелділікті және кибербуллингтің алдын алу бойынша онлайн-курс.
Бұл курста не үйренесіз:

  • Лудомания: Ойын тәуелділігінің табиғатын және оның алдын алуды түсіну.
  • Кибербуллингпен күрес: Кибербуллингті анықтау және оның алдын алу стратегияларын зерттеу.
  • Әлеуметтік бағдарламаларды басқару: Әлеуметтік желілер мен бағдарламаларды қауіпсіз пайдалану дағдылары.
  • Жеке деректерді қорғау: Интернетте жеке ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері.
Курс форматы:
Курсқа Телеграм-бот арқылы қатыса аласыз, бұл материалдарды кез келген жерде және кез келген уақытта зерттеуге мүмкіндік береді. Оқуды аяқтағаннан кейін сізге киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттілігіңізді растайтын сертификат беріледі.
Курсты қарау
Интернетті бірге тазалайық:
күдікті сайттар мен сілтемелерді бұғаттауға шақырамыз
Егер сіз күдікті сайтқа тап болсаңыз, және ол құмар ойындарға, интернет-тәуелділікке немесе басқа да киберқауіптерге әкелетін болса, онда осы жерде сілтемемен бөліссеңіз болады. Бұл әрекетіңіз бізге зиян контентті мониторинг жасап, оны бұғаттауға көмектеседі және онлайн-ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ақпаратты жібере отырып, сіз Жеке деректерді өңдеу және жинау туралы келісіммен танысқандығыңызды растайсыз
Бізді қолдаған
Made on
Tilda